Көлік министрі Марат Қарабаев Қазақстандағы ақылы жолдардан 2023 жылы қанша қаржы түскенін айтты.
Министрдің айтуынша, биылғы 11 айда төрт ақы төлеу учаскесінен түскен кіріс 27 миллиард теңге болған.
Әңгіме республикалық маңызы бар Астана–Теміртау, Астана–Щучинск, Алматы–Қапшағай және Алматы–Қорғас автомобиль жолдарының учаскелері туралы болып отыр. Жиналған қаражат жол және жол бойындағы инфрақұрылымды, сонымен қатар ақылы учаскелердегі бағдарламалық-аппараттық кешендерді күтіп ұстауға және қолдауға жұмсалды, — деді министр үкімет отырысында.
Министр ұсынған инфографика бойынша, 2024 жылы елімізде тағы төрт ақылы учаске ашылады және Қазақстан азаматтары ақылы жолдармен жүру үшін 35 миллиард теңге төлейді деп жоспарланған.