Елімізде ақылы жолдардың бағасы өседі

Қазақстанда ақылы жолдарда жол жүру бағасы өседі. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің автомобиль жолдары комитетінің әзірлеген бұйрық жобасында жазылған.

Автобустар үшін баға орын санына, жүк көліктері үшін — жүк көтергіштігіне байланысты өзгереді.

11 ақылы жолдың бағасына өзгерістер енгізіледі. Тарифтер айлық есептік көрсеткішке (АЕК) байланысты болса, жол ақысы 20%-ке  өсуі мүмкін. Айта кетейік, Қазақстанда 1 АЕК — 3 450 теңге.

Ақылы жолдардағы баға өзгерістері:

«Астана–Щучинск» бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,0696 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,3478-ден 1,8087 АЕК-ке дейін.

«Астана–Теміртау» бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,0696 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,2435-тен 1,1652 АЕК-ке дейін.

«Алматы–Қорғас» бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,1043 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,5217-ден 2,5565 АЕК-ке дейін.

«Алматы–Қонаев» бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,0348 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,0696-дан 0,3478 АЕК-ке дейін.

«Тараз–Қайнар» бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,0835 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,4104-тен 2,0661 АЕК-ке дейін.

«Шымкент–Қызылорда» бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,153 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,7617-ден 3,8435 АЕК-ке дейін.

«Щучинск–Көкшетау» бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,0209 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,1043-тен 0,5217 АЕК-ке дейін.

«Астана–Павлодар» бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,1322 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,6470-тен 3,2487 АЕК-ке дейін.

«Шымкент–Тараз» бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,0313 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,1496-дан 0,7617 АЕК-ке дейін.

«Қонаев–Талдықорған» бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,0661 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,3270-тен 1,6209 АЕК-ке дейін.

«Шымкент–Өзбекстан шекарасы (Ташкентке)» бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,0313 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,1461-ден 0,7304 АЕК-ке дейін.