Елімізде ауа райына байланысты 6 күре жол жабық тұр

«ҚазАвтоЖол» қазіргі кезде ауа райының қолайсыздығына байланысты жабық тұрған жолдарды атады.

Қазір еліміздің екі өңірінде алты күре жол жабық.

Атырау облысында «Атырау-Орал» күре жолының Индер ауылынан БҚО шекарасына дейінгі аралығында көлік қозғалысы шектелді.

Батыс Қазақстан облысында бес күре жол жабық.

Олардың қатарында:

1. «Чапаево-Жалпақтал-Казталовка-РФ шекарасы», Чапаево-
Казталовка ауылдарының арасы;

2. «Атырау-Орал», Атырау облысының шекарасынан Орал қаласына дейін;

3. «Самара-Шымкент», ГАИ бекеті-КПП Сырым БӨП;

4. «Орал-Тасқала-РФ шекарасы», Орал қаласының шекарасынан РФ шекарасына дейін;

5. «Самара-Шымкент», Подстепное-Жымпиты аралығы

Мамандар 2 мың текше метр көктайғаққа қарсы материал пайдаланды. Қысқы күтіп-ұстау жұмыстарына 300-ге жуық арнайы техника мен 500 маман жұмылдырылды. Автожолдарды өңдеу үшін 2 мың текше метрқұм-тұз қоспасы жұмсалды, — делінген хабарламада.