Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

13 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері хабарлады.

Синоптиктердің болжамы бойынша жауын-шашын, елдің оңтүстік шығысы мен шығысындағы таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі.

Антициклон сілемі бар Қазақстанның батыс өңірлерінде ғана негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да