Үкімет Петропавл аумағын кеңейтуді жоспарлап отыр

Қазақстан үкіметі Петропавл аумағын кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл туралы «Ашық» НҚА сайтында жарияланған қаулы жобасында көрсетілген.

Cолтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Cолтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Кызылжар орман шаруашылығы» және «Соколовка орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің орман қоры жерлері санатынан жалпы алаңы 230,1 гектар жер учаскелер елдімекендер жерлері санатына ауыстырылсын, — делінген қаулы жобасында.

Сонымен қатар құжатта Петропавл әкімдігі орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алудан туындаған 67 731 554 теңге мөлшеріндегі орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын, 5 805 200 теңге мөлшеріндегі сүрек шығындарын республикалық бюджет кірісіне өтейтіні көрсетілген.

Қаулы жобасын талқылау 7 қарашаға дейін жалғасады.