19 қазанда Қазақстанның 11 қаласында қолайсыз ауа райы болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері хабарлады.
Синоптиктердің мәліметінше, бейсенбіде Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Риддер, Атырау, Ақтөбе, Шымкент, Алматы және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал, — делінген хабарламада.
