Финляндия – Қазақстан матчын қайдан көруге болады?

Ертең, 17 қазанда Хельсинкиде футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу матчы өтеді. Финляндия өз алаңында Қазақстан құрамасын қабылдайды.

Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

Финляндия – Қазақстан матчының тікелей көрсетілімі Астана уақытымен 22.00-де басталады. Қазақстандық жанкүйерлер ойынды Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Жеті ойыннан кейін Қазақстан мен Финляндия құрамаларында 12 ұпайдан бар. Финляндия үшінші орында тұрса, Қазақстан төртінші қатарда келе жатыр. Еуро-2024 кейінгі іріктеу матчында Қазақстан сырт алаңда Дания құрамасына есе жіберді – 1:3, ал Финляндияны сырт алаңда Словения ойыншылары ойсырата жеңді – 0:3.