Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, жел күшеюі ықтимал. Республиканың солтүстік, солтүстік-батыс аймақтарында қар жауып, оңтүстік өңірлерінде шаңды дауыл тұрады.
Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысында шаңды дауыл болады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ, түнде және таңертең тұман күтіледі. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, түнде Алматы облысында тұман күтіледі.
