«Қазгидромет» РМК синоптиктері 22-24 тамызда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы тәуліктерде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады; Республиканың батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде күн күркіреп, бұршақ жауып, екпінді жел соғады.
Республиканың солтүстік жартысында ауа температурасы күндіз 18-24 градусқа дейін төмендейді деп күтіледі, қалған аумақта температура фонында айтарлықтай ауытқу күтілмейді, — делінген хабарламада.
