Дәрігерлер сирек кездесетін ауруы бар әйелді аман алып қалды

Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығының мамандары сирек кездесетін ауруы бар әйелді аман алып қалды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, Жамбыл ауданының 40 жастағы тұрғыны ентігу, жүректің жиі соғуы, басы айналып, төменгі аяғының ісуін байқап, дәрігерлерге қаралған. Дәрігерлер бесінші жүктілік кезіндегі 22 апта ішінде жүкті әйелден туа біткен жүрек ауруы бар екенін анықтаған. Бұл жүктіліктің ұзаруына абсолют қарсы көрсеткіш болып саналады.

Сондықтан жүктілікті тоқтатып, жүрек ақауын хирургиялық емдеу үшін кардиология және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығына жіберілген.

8530d7a5a6f4f2de7d2becc55a29b5f4 Дәрігерлер сирек кездесетін ауруы бар әйелді аман алып қалды
Фото: Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

Диагностикалау барысында сол жақтағы екінші қабырға аралықта систолодиастолалық шу анықталған. Жүргізілген тексерулерден кейін: эхокардиография, контрастты жүрек және магистральдық тамырлардың КТ, аортография, КТҒКО мамандары – оң жақ коронарлық синус пен оң қарыншаның шығу жолы арасындағы байланысты растаған, — делінген хабарламада.

Көрсеткіштер бойынша шұғыл түрде жедел емдеу жүргізіліп, қолқа жағынан ақаудың аутоперикардты пластикасы және фистула ұлпасы резекцияланған оң қарыншаның шығу жолы жасалынған.

Министрліктің мәліметінше, кардиология және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығының кардиохирургтерң профессор Сейтхан Жошыбаевтың жетекшілігімен кардиохирургия педиатриялық бөлімшесінің меңгерушісі Икром Мұхамедов, кардиохирург Азамат Кенбаев, анестезиолог Зафар Розбаев, перфузиолог Алмаз Әлібеков жасады әйелге ота жасап, оң жақ қарыншаның қолқа фистуласын жойды.

Айта кету керек, «аорто» — оң қарыншалық фистула және ол сирек кездесетін ауру түрі. Онда аортаның көтерілетін бөлігі оң қарыншамен байланысады.

5f8e745544b419431a9244fd3a6d5b36 Дәрігерлер сирек кездесетін ауруы бар әйелді аман алып қалды
Фото: Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

Операция сәтті өтіп, бүгінде пациент тұрғылықты жері бойынша учаскелік дәрігердің бақылауымен үйіне шығарылды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да