Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті 2023 жылғы екі тоқсан қорытындысы бойынша, өндірістегі жазатайым оқиғалардан 640 жұмысшы зардап шегіп, оның 69-ы қаза тапқанын хабарлады.
Бұл ретте биылғы алты айдың қорытындысы бойынша, өндірістік жарақаттану 2022 жылдың екінші жартыжылдығымен салыстырғанда 4%-ке төмендеді.
«Республиканың өнідірістік аймақтарда азаматтар көбірек жарақат алады. Мәселен, Қарағанды облысында 79 адам, ШҚО-да 53 адам, Абай облысында 50 адам, Павлодар облысында 46 адам, Қостанай облысында 44 адам, Ақтөбе облысында 40 адам, Алматы қаласында 50 адам зардап шекті», — делінген хабарламада.
Экономиканың салалары бойынша ең көп зардап шеккендер тау-кен металлургия кешенінің өнеркәсіптерінде – 21,8 % және құрылыс саласында – 10,6%.
Жазатайым оқиғалардың негізгі себептері: жәбірленушінің өзінің өрескел абайсыздығы (33,3%); өндірістегі жұмыстың тиісті деңгейде ұйымдастырылмауы (27,1%); еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін бұзу (9,3%); жол қозғалысы ережелерін бұзу (8,4%).
