Басты бетЖаңалықтарҮкіметте тау-кен...

Үкіметте тау-кен металлургия кешенін дамыту мәселесі талқыланды

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте тау-кен металлургия кешенін дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

Кеңесте геологиялық барлауға халықаралық стандарттарды енгізу жөніндегі жоспарлар, сонымен қатар кен орындарын игеру тиімділігін арттыру және салаға инвестициялар тарту жөніндегі шаралар қаралды.

Талқылау барысында премьер-министр тау-кен металлургия кешенінде жаңа бастамалар мен жобаларды іске асыру кезінде мемлекет пен бизнес мүдделерінің балансын сақтау қажеттігін айтып өтті.