Құтқарушылар алматылықтарға үндеу жасады

Құтқарушылар ыстыққа байланысты алматылықтарға үндеу жасады.

Алматы ТЖД Қазгидрометтің ауа райына байлансты ескертуі негізінде 19 шілдеде 40 -42 градус ыстық ауа температурасы күтілетіні, сонымен қатар жоғарғы өрт қауіпі сақталатынын хабарлады.

Осыған байланысты, Алматының төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарына таулы-орманды алқаптарға барғанда өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтауды және:

  • тауға демалуға барған жағдайда тұтанған темекі қалдықтарын тастамауды;
  • бір желіге бірнеше электр құрылғыларды қоспаңыз, өйткені электр желісінің шамадан тыс жүктелуі қысқа тұйықталуға және өртке әкелуі мүмкін;
  • балаларды авто көліктердің ішіне аз уақытқа болса да қалдырмаңыз. Қатты ыстықтан бала есінен танып қалуы мүмкін.

Қала тұрғындары мен қонақтарын күн сәулесiнiң әсерiнен сақтану үшiн серуенге шықпауға шақырамыз, — делінген хабарламада.