Ақша айырбастау орындарында доллар қаншадан сатылып жатыр?

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 443–449 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 443,5–447,5 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 445,5–449 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 18 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 446,34 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,95 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,81–5,05 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,82-4,92 теңгеден сатылып жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да