Қазақстанда бір аптада 300-ге жуық өрт тіркелді

Қазақстанда бір аптада 371 төтенше жағдай тіркелді. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оның 74-і табиғи сипаттағы, ал 297-сі техногендік сипаттағы төтенше жағдай.

Құтқарушылар төтенше жағдай орнына барлығы 2 581 рет шықты. 213 адам құтқарылған, оның 68-і бала. Сонымен қатар 45 адам эвакуацияланды, оның 13-і бала, — делінген хабарламада.

Бір апта ішінде республикада 295 өрт тіркелген.

112 құтқару қызметіне 204 146 қоңырау келіп түсті. Барлығы 133 дауылды ескерту жіберілді, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да