Жел, жаңбыр, найзағай: 15-17 шілдеде ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 15-17 шілде күндері ауа райы қандай болатынын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан бойынша синоптикалық жағдай Қара теңіз аймақтарынан келетін айтарлықтай терең циклонмен қалыптасатын болады. Соның нәтижесінде елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауып, екпінді жел соғады.

Қазақстанның солтүстігінде күндізгі температураның қысқа мерзімді төмендеуінен кейін ауа температурасы 20-25-тен 25-33 градусқа дейін, солтүстік-батыста 18-30-дан 25-33 градусқа дейін, орталықта күндізгі ауа температурасының төмендеуі 25-33-тен 32-39 градусқа дейін, оңтүстікте 25-35-тен 35-42 градусқа дейін, республиканың батысында температура фонының төмендеуі 22-35 градус, шығыста 27-35 градус, оңтүстік-шығыста еліміздің температуралық фонында күрт өзгерістер күтілмейді, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да