«Қазгидромет» РМК синоптиктері 13-15 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Алдағы күндері Батыс циклоны Қазақстан аумағы арқылы жылжыған сайын еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен бұршақ жауып, найзағай жарқылдайды, қатты жел тұрады.
14-15 шілдеде солтүстік-батыста, 15 шілдеде еліміздің солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Бүкіл кезең шығыста, 13 шілдеде — оңтүстікте, 13-14 шілдеде — солтүстік-шығыста, оңтүстік-шығыста, орталықта — 45 градусқа дейін өте қатты ыстық сақталады. Республика бойынша төтенше өрт қаупі бар.
Күндізгі ауа температурасы солтүстікте және орталықта +30°С дейін, оңтүстік және оңтүстік-шығыста +30+37°С дейін төмендейді, еліміздің батысында негізгі фон +25 + 35°С болады.
