Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Елімізде 43 градусқа дейін ыстық болады

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 11-13 шілде күндері ауа райы қандай болатынын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы тәуліктерде Қазақстан аумағы арқылы батыс циклоны өтеді. Сонымен қатар күн күркіреп, батыста, солтүстікте және республика орталығында бұршақ жауып, екпінді жел соғады. Республиканың шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында антициклонның екпінімен ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Барлық кезең бойынша солтүстікте, орталықта, 11-12 шілдеде солтүстік-батыста, 12-13 шілдеде оңтүстікте, 13 шілдеде Қазақстанның оңтүстік-шығысында 43 градусқа дейін өте ыстық болады, — делінген хабарламада.