Басты бет / Жаңалықтар /
Нұржан Әлтаев
Нұржан Әлтаев. Фото: Sputniknews.kz

Экс-депутат Нұржан Әлтаев пара алды деген күдікпен ұсталды

Парламент мәжілісінің экс-депутаты Нұржан Әлтаев пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлады.

Ол кісінің ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталғанын растаймыз. Өзге ақпарат қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабы бойынша және тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Нұржан Әлтаев 2019 жылғы ақпаннан 2020 жылғы қарашаға дейін Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты болды.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook