Биылғы «Соңғы қоңырау» рәсімі бұрынғыларынан өзгеше. Бұл жолы мерекелік іс-шараға тек мектеп түлектері қатысады. Baribar.kz тілшілері Алматыдағы жалпы білім беретін №58 мектепке барып, оқу жылындағы айтулы мерекенің қалай өткенін көріп қайтты.

Лездеме сағат 9-да басталады. Бірақ 8.30-дан бастап мектеп қақпасынан гүл көтеріп кіріп келе жатқандар көп болды. Жиналып жатқандардың бірі — 11-класс оқушылары, енді бірі — түлектерді құттықтауға келген жақындары.

1c57513b427aae817a562b406afb7076 Фоторепортаж: "Сыңғырла, соңғы қоңырау!"
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
eff0d66e0920d00a6e02cc8a62a61a77 Фоторепортаж: "Сыңғырла, соңғы қоңырау!"
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

11-класс оқушысы Қарақат Дүйсен де мектептегі соңғы күніне сәл ертерек келді. Ол шашын сәндеп, басына ақ бантигін, мойнына «Жас түлек» деген жазуы бар жасыл лентасын тағыпты. Бүгін маңызды күн болған соң толқып та, қуанып та тұр.

Студенттік өмірге асықпын, бірақ мектебімді де қимаймын, — дейді Қарақат.

a5142562954f582b8601c8b2bd2a0139 Фоторепортаж: "Сыңғырла, соңғы қоңырау!"
Қарақат Дүйсен. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Қарақат кішкентай күнінде түлектердің мектеппен қоштасу рәсіміне қызыға қарағанын айтады. Ал бүгін кіші класта оқитындардың «Соңғы қоңырауды» тамашалай алмайтынына көңілі түсіп тұр.

Негізі бүгінгі іс-шараға барлық оқушының қатысқанын қалар едім. 11-класстардың әдемі болып түлеп ұшқанын, вальс билегенін көріп өстік. Өзіміз де соны армандадық. Ал биылғы 1-кластар мұны көре алмай қалып отыр. Меніңше, «Соңғы қоңырау» бұрынғыдай өткені дұрыс, — дейді Қарақат.

Қарақат Дүйсен — үздік аттестат иегері. ҰБТ-дан жеткілікті балл жинаған.

ҰБТ-ға бір рет кірдім, әзірге жеткілікті балл жинап қойдым. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетіне түскім келеді. Сондықтан әлі шығармашылық емтихан тапсыруым керек. Бірақ қиналмай  түсетініме сенімдімін, — дейді ол.

6a2903c7a6cd22400d28101bb6c71033 Фоторепортаж: "Сыңғырла, соңғы қоңырау!"
Қарақат Дүйсен. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Қарақатқа сәттілік тіледік те, тағы бір түлек Асылмұрат Қасымбекті әңгімеге тарттық. Асылмұраттың көңіл-күйі тамаша. Ол мектеп бітірер күнді асыға күткенін айтады.

1-кластан бастап осы мектепте оқыдым. Кілең беске оқымасам да, түрлі іс-шараға қатыстым, белсенді оқушы болдым. Бірақ мектептен кейінгі өмір тіпті қызық сияқты. Мектебімді қимаймын, әсіресе достарыммен бірге көрген түрлі қызық сәтті ұмытпаймын. Жақында ғана класс болып сабақтан қашып, апайды соңғы рет бір ашуландырып алғанымыз бар. Бірақ мектеп жылдары осындай естеліктерімен қызық емес пе?! — дейді Асылмұрат.

Асылмұрат ҰБТ-ға әлі кірмеген, бірақ сынаққа қатысты еш уайымы жоқ екенін айтты.

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетіне түсуді жоспарлап отырмын. IT маманы болғым келеді. ҰБТ-дан 90-95 балл алсам жетеді, дайынмын деп ойлаймын, — дейді ол.

e478b4bef314d62d8a2cdeb44b2f05aa Фоторепортаж: "Сыңғырла, соңғы қоңырау!"
Асылмұрат Қасымбек. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Түлектермен сұхбаттасқанымызша, мерекелік іс-шара да басталды. Қонақтар шатыр астына жайғасты. Бірден салтанатты түрде ту шығарылды. Мектеп директоры оқу жылымен құттықтаған соң, мерекелік бағдарлама басталып кетті.

7dfabe193bb3d4919ddd431964d62ff3 Фоторепортаж: "Сыңғырла, соңғы қоңырау!"
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
d774af0d70170bd4169c9555ccb85c31 Фоторепортаж: "Сыңғырла, соңғы қоңырау!"
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
758eafbaf49660c0c7a8404378669db4 Фоторепортаж: "Сыңғырла, соңғы қоңырау!"
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Оқушылар ән шырқады, күй тартты, мың бұралған бүлдіршіндер өнер көрсетті.

98b6a4f9cc3112530aec90056c1dfda0 Фоторепортаж: "Сыңғырла, соңғы қоңырау!"
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
620c3ca54153efa0d73842ae52a3ae53 Фоторепортаж: "Сыңғырла, соңғы қоңырау!"
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Биылғы «Соңғы қоңыраудың» басты ерекшелігі — іс-шараға тек 9-11 класс оқушыларының қатысатыны. Мектеп директоры Шынар Утжанованың айтуынша, 1-8-кластар мен 10-кластарға арналған салтанатты іс-шара 31 мамырда өткен.

Сонымен қатар ол күн Ашаршылық құрбандарын еске алу күнімен тұспа-тұс келгендіктен, барлық сыныпта арнаулы сынып сағаттары ұйымдастырылды, — дейді директор.

21f82c080da8617dae17823895813e29 Фоторепортаж: "Сыңғырла, соңғы қоңырау!"
Шынар Утжанова. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Көп ұзамай, Қарақат мен Асылмұраттың кластастары бір бұрыштан сап түзей бастады. Вальстің уақыты келген екен. Бұл мектептің 11-класында ұлдарға қарағанда қыздар көп. Сөйтіп вальс билеуге жұп жетпеген. Сол себепті 9-кластың ұлдары көмекке келді.

97fc74a24dc7958dfc1be84550b7c31d Фоторепортаж: "Сыңғырла, соңғы қоңырау!"
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
№58 мектеп түлектерінің вальсі ерекше, себебі оларға сыйлық ретінде вальс әнін мұғалімдері орындап берді.
409f217a9d0918072ccbef85167d7b0b Фоторепортаж: "Сыңғырла, соңғы қоңырау!"
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
ff30548b1031a321df38806ecbeb05f3 Фоторепортаж: "Сыңғырла, соңғы қоңырау!"
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
455250766a4cb67365669aae9526937b Фоторепортаж: "Сыңғырла, соңғы қоңырау!"
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
95596eca79b410a34a09652616086cea Фоторепортаж: "Сыңғырла, соңғы қоңырау!"
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
0489c9dda9b0c9ebd97fb5cc3386eb90 Фоторепортаж: "Сыңғырла, соңғы қоңырау!"
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
c704d40ef8d1a67ce255eb0d3185b231 Фоторепортаж: "Сыңғырла, соңғы қоңырау!"
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

«Соңғы қоңыраудың» басты қызықтарының бірі әрі көп дайындықты қажет ететіні — осы вальс. Бір айлық дайындық еш кетпеген сияқты. Бәрі біркелкі, әдемі билеп шықты.

95f04e716578dd633fe4132431985289 Фоторепортаж: "Сыңғырла, соңғы қоңырау!"
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Кейін сахнаға 1-класс оқушылары шығып, түлектерге сый ретінде ән айтып берді.

04e3b1c70a2e29844782b064684cead7 Фоторепортаж: "Сыңғырла, соңғы қоңырау!"
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Дәстүр бойынша түлектер 10-класс оқушыларына мектепті аманат етіп, «алтын кілтті» табыстады.

b275a6dca6c8bfbecbd0256f29a7173d Фоторепортаж: "Сыңғырла, соңғы қоңырау!"
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Сәлден кейін жүргізуші баршаға таныс өлең жолын оқыды.

Арманыңда, жаныңда жалын ән бар,
Жас талапкер, сөзіме көңіл аудар.
Бұрынғыдай күтпейді мектеп сені,
Бұрынғыдай соғылмас қоңыраулар.

Сөйтіп сыңғырлап соңғы қоңырау соғылды.

6148739e3fe91ae2e429aef5e4878bde Фоторепортаж: "Сыңғырла, соңғы қоңырау!"
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
c6743d83a43481f197043db0cd54e9dd Фоторепортаж: "Сыңғырла, соңғы қоңырау!"
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Мектептегі соңғы лездеменің ресми бөлігі аяқталды. Оқушылар бір-бірін құттықтап, суретке түсуге жүгірді.

110308950810458af8b840c38f278ca4 Фоторепортаж: "Сыңғырла, соңғы қоңырау!"
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
e608e16398512fbe98b445987bf044c9 Фоторепортаж: "Сыңғырла, соңғы қоңырау!"
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Қуанып күлгендері де, көз жасына ерік бергендері де бар.

8724e60503b8a327eb7e44a4098e16e7 Фоторепортаж: "Сыңғырла, соңғы қоңырау!"
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
4c65e076bd6655fa7a9f248e852930e6 Фоторепортаж: "Сыңғырла, соңғы қоңырау!"
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Лентаға хат жазу дәстүрі де ұмыт қалмады.

2c9c433850f23c0399e327935bb03d10 Фоторепортаж: "Сыңғырла, соңғы қоңырау!"
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
b4d5e8d23951125a347c7ece28931090 Фоторепортаж: "Сыңғырла, соңғы қоңырау!"
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
900105ef4095cc84d41c20ca647b3baf Фоторепортаж: "Сыңғырла, соңғы қоңырау!"
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
4e475e48c307e50a8b565cf9d578eb71 Фоторепортаж: "Сыңғырла, соңғы қоңырау!"
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Мәре-сәре болған түлектер 20 маусым мен 1 шілде аралығында ҰБТ тапсырады. Ал одан соң көбін қызыққа толы студенттік өмір күтіп тұр.

Тағы оқыңыз:

Тест: Мектепте қандай оқушы болдыңыз?