Сабақтан қашып, артынша директордың кабинетінен бір-ақ шыққан күндерді еске аласыз ба? Әлде емтиханға дайындалам деп ұйқысыз өткен түндерді әңгімелеп жүрсіз бе? Не де болса, бірнеше сұраққа жауап беріп, мектепте қандай оқушы болғаныңызды еске түсіріңіз.

0%

Мектеп жылдары естіген "сүйікті" тіркесіңіз?

Қай сәтті қатты сағынасыз?

Қай пәнді сүйіп оқыдыңыз?

Мектепке қалай киінген ұнайтын?

Сабақ кестесін жатқа білетін бе едіңіз?

Төбелесіп қалған кезіңіз болды ма?

Қандай үйірмелерге қатыстыңыз?

Мұғалім бүгін сабақ уақытында жиналыста болатынын айтып, 45 минут кабинетте тыныш отыруды сұрады. Не істейсіз?

Сабақтан кейін немен айналысатын едіңіз?

Мектеп асханасындағы сүйікті тағамыңыз қандай еді?

Тест: Мектепте қандай оқушы болдыңыз?
Үлгілі оқушы

Жарайсыз! Мектепте сабақты кілең бестікке оқып, бар уақытыңызды мектеп бағдарламасын меңгеруге арнаған екенсіз. Мектепте жақсы игерілген ілім болашақта көп көмегін тигізері анық. Білімге құштарлығыңыз арта берсін!
Әй, әй, Жалқаубек!

жалқау оқушы

Мектепті тиіп-қашып оқыған сияқтысыз. Есесіне сабақтан қалай қашқаныңыз туралы естелігіңіз көп. Сабаққа дайын болмай түрлі амал ойлап тауып, екілік алудан көп рет құтылғаныңыз өмірде де түрлі қиын жағдайда оңай әрі тез шешім табуға көмектескен шығар 🙂 Бастысы, өмір сабағынан екілік алып қалмаңыз.
Мектеп жұлдызы

Сыныпта сабақ оқығаннан гөрі, мектеп сахнасында өнер көрсеткенді қатты ұнатқан сияқтысыз. Үйірмелердің бәріне қатысып, би кештерінің жұлдызы болып, үнемі достарын күлкіге қарық қылатын оқушы болған шығарсыз. Мүмкін бір кездері теледидарға шығып, танымал жұлдыз болуды армандаған боларсыз. Арманға қашан қадам бассаң да, кеш емес!
Интроверт

интроверт оқушы

Сабаққа кешікпей барып, қоңырау соғылғанда бірден үйге тартатын, көшеде жалғыз серуендегенді ұнататын оқушы болған сияқтысыз. Кластастарымен сырласқанға қарағанда кітап оқу жаныңызға жақын болған болуы мүмкін. Көптің назарын аудармас үшін барынша қарапайым киінген де шығарсыз. Әлі күнге киім таңдағанда барынша қарапайым үлгіні дұрыс көретін сияқтысыз 🙂

Әлеуметтік желіде бөлісу: