Швециялық әнші Loreen Eurovision байқауында тағы жеңіске жетті

Eurovision байқауында швециялық әнші Loreen Tattoo әнімен жеңіске жетті.

Ол қазылар алқасы мен көрермен дауысы бойынша көш бастады.

Loreen осымен Eurovision ән байқауында екінші рет жеңіске жетіп отыр. Ол байқауға 2012 жылы қатысып, жеңімпаз атанған еді.

Финляндиялық рэпер Käärijä Cha Cha Cha әнімен 526 ұпай жинап, екінші орын алды. Үшінші орынды израильдік әнші Ноа Кирель жеңді. Ол Unicorn дейтін әнді орындады.