Дональд Трамп бір жылдық жалақысын қайырымдылыққа аударады

Ақ үйлік Шон Спайсердің айтуынша, Трамп бұл ақшаның қай мақсатта жұмсалатындығын анықтау үшін Ақ үй пулындағы тілшілерге жүгініп отыр.

Естеріңізде болса, сайлау науқаны кезінде Трамп президенттік жалақыдан бас тартып, заң бойынша белгіленген минимум – 1 доллар алуға ғана келіскен еді.

Бұған дейін президентті кей сыншылар бизнес саласындағы бірнеше жылдық мансабы кезінде қайырымдылыққа ешқашан көңіл бөлген емес деп сынаға алған еді.

Forbes журналының 2016 жылға арналған рейтингінде Трамптың байлығы 3,7 млрд долларды құраған.

АҚШ-тың Трампқа дейінгі президенттері арасында Герберт Гувер мен Джон Кеннеди де жалақыларын қайырымдылыққа жұмсаған.

ДереккөзBaq.kz