Қазақ тілінің ҰБТ-дан алынып тасталу себебі түсіндірілді

Орталық директорының айтуы бойынша, Ұлттық бірыңғай тестілеудің ресми бекітілген жаңа форматында «Математикалық сауаттылық», «Оқу сауаттылығы» және «Қазақстан тарихы» атты үш пән міндетті пән болып қалған және 2 бейіндік пән қосылған. Сондай-ақ ол  «Қазақ тілінің» сұрақтары «Оқу сауаттылығы» деген пәннің ішінде ішінара кездесетінін жеткізді. Ал, ана тілі мектептегі қорытынды аттестацияда қалған.

«Мен орыс мектебінде оқимын делік. Сонда, енді маған ұлттық бірыңғай тестілеуде қазақ тілін тапсыру міндетті емес пе?» деген Inform.kz журналисінің сұрағына Білім министрлігінің өкілдері «міндетті емес» деп жауап берді.

«Бұрын орыс мектебінде оқитындар қазақ тілін тапсырғанымен, оның балы оқуға түсерде саналмайтын. Мен сіздерге айтайын, қазақ тілі бұрын да формальді түрде ғана тапсырылды. Енді қазір мүлде алып тастадық. Қазақ тілі мектеп деңгейіндегі емтиханда қалды»,-деді Білім министрлігі Жоғары және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры Дархан Ахметзакиев.

«Қазір орыс мектебінде қазақ тілі, қазақ мектебінде орыс тілі оқытылады. Қорытынды аттестацияда бұл екі пән де қалды. Қорытынды аттестацияда орыс тілінде оқығандар қазақ тілінен эссе жазады. Бұрын да Бірыңғай ұлттық тестілеуде қазақ тілінің балы саналмайтын. Енді жаңа форматта қазақ тілі аттестат алуға тапсырылатын бес емтиханның ішінде бар. Эссені үш сағат жазады. Орыс тілінде оқыса — орыс тілінде, қазақ мектебінде оқыса — қазақ тілінде жазады»,-дейді Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева.

«Қазақ тілін неге ұлттық бірыңғай тестілеуге міндетті пән етіп енгізбейміз? Мысалы, Англияның жоғары оқу орнына түсу үшін «IELTS», АҚШ-тың оқу орнына түсу үшін «TOEFL», Францияның оқу орнына түсу үшін «Delta» тапсырмасақ, яғни, сол елдің тілін тексеретін тест тапсырмасаңыз, ол елдің жоғары оқу орнына түсе алмайсыз. Сонда, біздің елде қалай?»,-деген сұрақ та қойылды.

«қазір біздің мемлекетімізде 82 пайыздан астамы қазақ мектептері. Тіпті орыс мектептері жоқ аймақтар бар. Соны дұрыс түсініңіздер. Аттестатта қалдырдық қой, оның орташа бағасы да ықпал етеді… Оқу сауаттылығын тапсырады…»,-деп қысқа қайыра жауап берді ЖАҢЫЛ ЖОНТАЕВА.

Осыған қатысты Дархан Ахметхакиев те жауап берді.

«Сіздер сонда қазақ тілін ұлттық бірыңғай тестілеуге міндетті пән ретінде қосылғанын қалайсыздар ма? Жарайды, қазір біз қазақ тілін тестке міндетті пән етіп енгізейік. Сонда, ол қазақ тілінің сапасына әсер етеді деп ойлайсыздар ма? Әсер ептейді. Егер біз қазақ тілін емтиханға кіргізсек, ол әсер етеді деп үміттенетін шығарсыздар, бірақ, ол әсер етпейді. Идеологияны дұрыстау керек мектепте оқыған жылдар бойы қазақ тілін дұрыстап оқу керек. Егер бесінші класта оқитын бала қазақ тілін білмесе, 11 сыныпта тест кіргізу арқылы қазақ тілінің сапасын арттырамыз дегендеріңіз сәйкес келмейді»,-деді Дархан Ахметзакиев.

Еске сала кетейік, бұл жаңа формат 2017 жылдың 1 қаңтарынан енгізілді.

ДереккөзInform.kz

35 пікір

  1. Қытайда оқу,жұмысқа тұру үшін MHK,HSK тапсырасың. Бұл қытай тілнен дəреже емтиханы. Одан 3а,3б жане 4а,4б дəреже болу керек.

  2. Қазақ тілі ешқандай сынақта болмаса, онда оның күні бітті деген сөз.Қазақ тілің болмаса қазақ атың кімге керек!

  3. Қазақ тілі ата заңға Орыс тілі ресми тілде қолданылады,-деп кіргізгеннен бері құрыған.Ата заңнан сол бап алып тасталмай Қазақ тілі ешқашан,еш уақытта кірмейді. РЕСМИ,-деген сөздің мағынасын түсінбей жүрген Қазақтар көп.Ол ата заңға орыстардың көп кезінде қосылған еді,ал енді кәзіргі есептер бойынша орыстар азайды,және олардың өзінің отандары бар.орыс тілі құрығалы тұрған тіл емес.Сондықтан ол тілде сөйлеу біз үшін міндетті емес.Біз әліде орыстардан кеткен жоқпыз біздің мемлекеттің аты Қазақ мемлекеті деген Қазақстан болып өзгергенде жазған едім,ешкім көңіл аударған жоқ.Тағыда орыстардың құрамында екендеріңді дәлелдейін.ҚазақСТАН- Стан 15-16 ғасырдағы Ресейдің аймақтық бірлігі бұл Уезд деген сөз бір Уезде 2-3 Стан болған оларды полиция басқарған.( Совеи энциклопедиясы 1275 бет)Полиция-бұл халықты қорғаушы емес,қаралаушы бір адамның құқығын қорғайтын мекеме.Сондықтан Ата заңдағы бабтар өзгермей Қазақ тілі алдыға шықпайды,ағайындар.

  4. Мен бұған түсінбедім. Онсызда қазақ тілін жарытып оқып жатқан жоқ қой деген сөз бе? Бала қазақ тілінен ҰБТ тапсырмайтынын білгеннен кейін қазақ тілін мүлдем оқымайтын болады.

  5. ҰБТ дан қазақ тілін алу деген сұмдық! Өз тілімізді сыйламасақ не болғанымыз?Осы білім министерствосында отырғандар, осы заңды шығарып отырғандар қазақ тілін жақсы біледі дегеннен күмәнім бар.Атын шулатқан БАЯН ЕСЕНТАЕВА т.б сұрақтар не тәрбиелік мәні бар. Заман не болып барады өзі?

  6. ҰБТдан қазақ тілін алу деген не сұмдық!Өз тілімізді өзіміз сыйламасақ не болғанымыз?Осы заңды шығарып отырғандар министерстводағылардың » қазақ тілін жақсы біледі» дегеннен күмәнім бар.Осы заман не болып барады? Атын шулатқан БАЯН ЕСЕНТАЕВА тб сұрақтардың не кажеті бар?не тәрбиелік мәні бар?Білім министерствосын ғылыми дәрежесі бар, қазақ ғылымына үлес қосқан. қазақ тілін құрметтейтін министр басқарғаны дұрыс деп ойлаймын.

  7. Казак тилин акырындап бир шетинен кескилеп битирди,оиткени Казакты акырындап жемесек,жегизбеиди.Акырын-акырын остип куртады.

  8. Казак тилин акырындап тышканша кемирип битиреди.Бунын барине озимиз кинялимиз,от басында балаларга баска тилде шулдирлетемиз. Тилимизди шубарлап сойлеимиз,намыс жок,баска тилде сойлегенди мактан тутамыз.

  9. Қазақ, біттің дей бер! ӨЗі де құлайын деп тұрған тіл құрдымға кетті дей бер. Қашан оянамыз? Осылайша мәңгүрт болып жүре береміз бе?!

  10. Масқара бұл мемлекеттің қай бассыздығы. Ана тілімізді ұмытқан елімізді ұмытқанмен бірдей. Оданда орыс тілін алып тастаған жөн. Орыстарға бағынғанша күресіп өлгеніміз жөн ғой. Президент қайда қарап отыр, ана тілімізді аяққа таптап жатқандарды жұмыстан босату керек. Ондайларды халық жауы деп айтсақта артық емес.

  11. Қазақ тілін ҰБТ-дан алып тастағаны бір жағынан дұрыс шешім деп ойлаймын, себебі қазақ (орыс) тілінен алынған балл саналмайды. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру үшін қызметке қабылданатын мамандардың мемлекеттік тілді білу деңгейіне қарай қабылдануы қажет сонда ғана сең орнынан қозғалады.

  12. Қазақ тілі пәнін ҰБТ-дан алып тастағаны дұрыс шешім деп ойлаймын себебі қазақ (орыс) тілінен алынған балл көрсеткіштері жалпы басқа пәндерден алынған баллдарға қосылмай, шегеріліп тастайды. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеретін бір ғана жол бар, ол — қызметке қабылданатын мамандардың «мемлекеттік тілді» білу деңгейін тест, емтихан, эссе жазу арқылы қызметке қабылдау қажет, сонда ғана сең орнынан қозғалады деп ойлаймын.

  13. Қазақ тілді алып тастауға болмайды! Білім министрлігі ана тілдің қандай қадірлі екендігін білмейдіме? Президентіміз қазақ қазақпен қазақша сөйлесу керек деген сайын, қазақтарымыз орысша шүлдірлеп жүр. Қазақ тілін алып тастап нені жақсартам деп ойлайды биліктегілер… Тиісінше дамытудың орнына керісінше артқа тартып отқандарын неге түсінбейді? Бұны қазіргі кезде жөндемесе, кейін опық жеп қаламыз! Ойланайық……

  14. Қазақстандағы қазақ пын деген намысы бар азаматтар (отбасылар) қазақ тілі ҰБТ да болады ма, болмайдыма ұрпағын қазақ тілінде, қазақ дәстүрі мен салттарында тәрбиелеуі керек.

  15. Қазақ тілін алып тастау бұл дұрыс емес! қазақстанда тұрып жатқанның барлығы түгел қазақша сөйлеуі тиіс.Барлық қала, аудан, облыс болсын қандай мектеп болсын қазақ тілін міндетті түрде қазақ тілінде тест тапсыруы тиіс. сосын қазақ тілін міндетті оқуға түсу үшін міндетті пән қылып қалдыру кереке мейлі орыс, қазақ, өзбек, ұйғыр мектебі болсын барлығы түгел қазақ тілін міндетті түрде тапсырып, негізге осы қазақ тілі алынуы керек.

  16. Мынау нағыз қазақты маңгурттікке тартқан министрлік болдығой! Құрметті Нұрсұлтан Əбішұлы əрі Бақытжан Сағынтайұлы мен мемлекетте Сіздердің əр сөздеріңізді сүйіп қазағымыздың маңдайына біткен мақтанышы деп білетін жандардың бірімін!Əрбір уақытта Сіздердің ел болашағы үшін жасап отырған істеріңізді масаттана мақтана барлық орталарда айтып жүретін Сіздердің інілеріңізбін!Қазақ тілін ҰБТ ден алып тастады дегенде жүрегім шымырлап жетім қозыдай көңілге берілгендей күй кешіп, Сіздерге деген сенімнен айырылардай күй кешудемін!Біз оны формалдық емес жалпы тестілеудің бірінші тестілеу пəні етудің орнына алып тастауымыз халықтың Сіздерге деген сенімін жоғалтып алмаймыз деп ойламайсыздарма!Бұл мемлекеттік тілдің тестілеуден алынып тасталуы біздің қазағымыздың ұлттық мүддесінің аяққа тапталуы,еліміздегі қазақ тіліне деген құрметтің жоғалуы деп білемін!Əрине Сіздер мемлекет тізгінін алға сүйреп,əр түрлі сыңдарлы қиын кезеңдерден алып шықтыңыздар!Сол себептен Сіздерге ұлы сеніммен Осы жерде жіберілген Білім министрінің қателігін түзетуіне мүмкіндік берерсіздер деп сенім білдіремін!

  17. Бұл сұмдық қой қазақ тілін тестен алып тастағаны несі қазақтың біткен жері осы болғаныма.?

  18. балык басынан ширид деген.Бул казак тилин корлау.Болашакта казак тилимен сойлеугеде болмайды дейтин шыгар булар’

  19. Қазақ тілі — мемлекеттік тіл. Бұл деген тілімізге деген жанашырдың жоқ болғаны. Қараусыз қалған, мәселе

  20. Оку сауаттылығы бар емеспе
    сиздер ент тапсыруга дайындалмайсыздар
    ал жас тулектерди ойланыздар

  21. Неге түсінбейсіңдер. Қазақ тілін тапсырады. Тек ұбтда емес мектепте тапсырады деп тұрғой. Мүлде тапсырмайды емес тапсырады!!!! Тек ұбта емес. Қащір балалар екі рет тапсырып жүр. Мектепте жәнк ұбта. Соны екі рет емес ьір рет еткісі елген да!!!

  22. Қас қоямын деп бүтін пешенені қорғансыз көзге айналдырып қоймақшыма сонда.дубара мектеп дубара білім.ұзын сөздің қысқасы тас дәуірін қолдан жасап жатқандай.

  23. Қазақ тілінің тағдыры ҰБТ-ға қосқан қоспағанмен өлшенбейді, өмірге қажеттілігімен өлшенеді. қазір көп жерлерде қазақ тілінсіз қызмет істей беруге болады,көп жерлерде жеке мекемелер, оларға қазақ тілі маңызды емес. Жұмысқа қазақ-орыс тілідерн жақсы білетін бір маманды қабылдайды. Іс-қағаздар орысша жүргізіле береді, тек аудармашы аударып құжаттарды тексеруге дайындап қояды. Міне, осындай аурумен күресетін механизм ойластыру керек.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да