Басты бет / Жаңалықтар /
ауа райы тұман
Көрнекі сурет

7 наурызға арналған ауа райы болжамы

Алматы, Маңғыстау  облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында  желдің жылдамдығы 18-23 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз көктайғақ, кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, бұрқасын соғады.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде тұман күтіліп, жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Атырау облысында да тұман мен көктайғақ күтіледі.

Ақтөбе, Қостанай,  Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде  тұман  болады.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram

Мақалаға пікір қосыңыз