Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 461-467 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 461-465 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 463-467 теңге аралығында құбылып тұр.
16 наурыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,14 теңгеге өсіп, 465,90 теңге болған.
Ұлттық банктің 17 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 466,15 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 6,10 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,95-6,05 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,9-6,2 теңгеден сатылымда.