Ұлттық банк доллар мен рубльдің 16 наурызға арналған бағамын белгіледі.
Атап айтқанда, 1 доллар құны – 464,79 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы — 6,14 теңге.
15 наурыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 5, 80 теңгеге өсіп, 464, 76 теңге болған. Ресей валютасы 6,14 теңге болды.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 463 – 466 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 464-469 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 6-6,25 теңгеге сатып алуға болады. Астанада көрші ел валютасы 6,05-6,15 теңгеден саудаланып жатыр.