Балабақшаға жолдама электронды түрде берілетін болды

Электронды жолдаманы алу үшін сізге 2017 жылдың 1 сәуіріне дейін мынадай шарттарды орындау керек:

1) электрондық-сандық қолтаңбаны алу (ол үшін ХҚКО «Азаматтарға арналған үкімет» КАҚ жүгіну қажет);

2) өтінім берушінің электрондық-сандық қолтаңбасы (жеке кабинетке кіру) арқылы www.astana.kz жүйесінде тіркелу;

3) өтінім берушінің жеке кабинетінде байланыс мәліметтерін көрсету немесе өзгерту (электрондық пошта, ұялы телефон нөмірі, жақын жердегі балабақшаны анықтау үшін тұрғылықты мекенжай) қажет.

Айта кетейік, байланыс мәліметтері Сіздің кезегіңіз келгені жайлы хабардар ету (хабарлама, ескерту хат) үшін керек. Жолдамалар кезекке сәйкес қолданыстағы балабақшалардағы бос орындарға беріледі.

Астана қаласы бойынша барлығы 8412 бос орын бөлінеді.

Сіз толыққанды нұсқамамен e.astana.kz жүйесінде http://ises.astana.kz/DayCareQueueService/Instruction сілтемесімен өту арқылы таныса аласыз.

ДереккөзInform.kz