25-26 ақпан: Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Еділ мен Каспий теңізінің оңтүстігінен,  Қазақстан аумағы арқылы батыстан шығысқа қарай жылжыған атмосфералық фронттар қайтадан шабуылдап, қар жаудырып, көктайғақ құбылыстарын тудырып, жолдарды тұманмен, қармен  басып тастайды.

Республиканың оңтүстік аймағында ауа температурасы +10, + 13 градусқа дейін көтерілсе, шығыс өңірлерде сынап бағанасы 0, — 2 градусты көрсетеді деп болжайды синоптиктер.

Атырау, Ақтау аймағында да +10, +12 градусқа дейін күн жылынса, Орал мен Ақтөбеде қар жауып, сынап бағанасы 0, +2 градусты көрсетеді делінген хабарламада.

Ал еліміздің солтүстікгі Қостанай, Көкшетауда 0, -2 градус аралығындағы ауа температурасы сақталса, Орталық Қазақстанда сынап бағанасы +1, +3 градус көрсетеді деп болжануда.

Республиканың оңтүстігіндегі күндізгі плюс 3-10ºС температура кезінде жауын-шашын жаңбырмен басталады, бірақ температураның түсуіне байланысты арты қарлы боранға айналады. Сондай-ақ бұл жерлерде көктайғақ, көріну төмендігі  100-500 м дейін тұман болады деп күтіледі.  Ауа температурасы әдеттегідей 3-8ºС климаттық мәндерден жоғары.

ДереккөзKazhydromet.kz