Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Атырау облысында стихиялық қоқыс тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр

Фото: Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ауданда «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясының ғарыштық түсірілімі қызметі арқылы 55 стихиялық қоқыс алаңы анықталған. Оның ішінде Құлсарыда 51, Жаңа Қаратон кентінде 2 және Қосшағыл ауылында 2 қоқыс алаңы орналасқаны белгілі болды. Осыған орай, әкімдіктің тапсырмасымен «Промэкология» ЖШС-нің жанынан стихиялық қоқыс алаңдарын тазалау үшін жұмыс тобы құрылды.

Құрылыс қалдықтарын тазартуға 10 жұмысшы мен 8 арнайы техника тартылды. Осылайша 55 қоқыс алаңының 30-ы тазартылып, олардан 1 000 тонна қоқыс шығарылды. Жиналған қоқыс «ЭкоҚалаХХІ» ЖШС-нің арнайы полигонына тапсырылды, — деді аудан әкімі Жұмабек Қаражанов.

қоқыс тазарту, атырау облысы
Фото: Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, ауданда қыркүйек-қазан айлары тазалық айы болып бекітіліп, Құлсары мен кент және ауылдық округтерде 5 рет сенбілік ұйымдастырылды.