Discovery арнасы қазақша сөйлейді

Discovery Showcase HD шетелдік арналардың алғашқысы болып Қазақстан Республикасы аудиториясына сүйікті шоу бағдарламаларын HD сапада мемлекеттік тілде көруді ұсынады. Бірінші кезеңде көрерменге телебағдарламалар қазақ тілінде прайм-тайм уақытында, яғни 18:00-ден түн ортасына дейін ұсынылады. Ал 2018 жылғы қаңтардан бастап барлық мазмұны толығымен қазақшаланады.

Бірінші болып қазақ тіліне «Морган Фрименмен жаһан құпияларын тану» , «Таңғаларық мұхит», «Аляска: ормандағы отбасы», «Кит аулауға қарсы соғыс» сынды бағдарламалары және Discovery Networks-тың басқа да маңызды жобалары аударылады.

«Қазақстан — Discovery Networks үшін адал және өте маңызды аудиториясы мен үлкен әлеуеті бар аймақ. Біз көрермендерге ең жарқын, танымал және қызықты бағдарламаларды біріктіретін жоғары айқындық форматындағы Discovery-дің жаңа телеарнасын ұсынғанымызға өте қуаныштымыз. Шабыттандыратын және тарихи эмоциялық TLC, қызықты жаңалықтар Discovery Channel, қызықты және құпия сюжеттер ID Xtra, керемет ғылыми зерттеулер Discovery Science, жануарлардың күлкілі және таңғажайып сәттері Animal Planet — Discovery Showcase HD арнасынан әркім өз талғамына сай бағдарламаны және ең бастысы ана тілінде таба алады», — дейді Discovery Networks компаниясының Солтүстік-Шығыс Еуропадағы вице-президенті, басқарушы директоры Анна Пак.

Арна  ОTAU TV жерсеріктік хабар тарату желісінде қол жетімді, ал кейінірек басқа да операторлар желісінде хабар таратады. Ай сайынғы жазылу құны 2500 теңге.

ДереккөзInform.kz