Басты бет / Жаңалықтар /
Данияр Елеусінов

Данияр Елеусінов 7 жыл көлік жүргізу құқығынан айырылды

Астана әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі ауданаралық соты Данияр Елеусіновке қатысты әкімшілік іс бойынша шешім шығарды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Сот мәліметінше, олимпиада чемпионы көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарып, үш жол-көлік оқиғасын жасаған.

Іс материалдарына сәйкес, алдымен ол жерасты автотұрағы қақпасының тірегіне соғылған. Кейін басқа автокөлікпен соқтығысып, соққының инерциясымен тағы бір көлікке зақым келтірген. Бұдан соң Kia Sportage автокөлігімен соқтығысып, оның соққысы Toyota Hilux көлігіне тиген.

Сот барлық жол-көлік оқиғалары салдарынан бірнеше көлік иесіне материалдық шығын келгенін атап өтті.

Боксшының кінәсі іс материалдарымен, оның ішінде медициналық куәландыру қорытындысымен дәлелденген. Сараптама қорытындысына сәйкес, Данияр Елеусіновте алкогольдік масаңдықтың жеңіл дәрежесі анықталған. Сотта ол өз кінәсін толық мойындады.

Сот шешімімен Данияр Елеусінов 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.

Еске салайық, бұған дейін боксшы Данияр Елеусінов ұсталды деген ақпарат әлеуметтік желілерде тараған болатын.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram