Қазақстандық көліктер Қытайға экспортталып жатыр

Өскеменде 120 темір тұлпар вагондарға тиеліп, Қытай шекарасына аттанды. Ол бір апта ішінде иелеріне жеткізіледі.

Отандық автокөліктердің алғашқы легі Қытай еліне 100 данамен аттанған еді. Темір тұлпардың сапасы көршілес елдің көңілінен шыққандай. Енді Қытай көшелерінде «Қазақстанда жасалған» маркалы автокөліктер жүйіткитін болады. Бұл отандық автоөндірістің тағы бір жетістігі.

Андрей Толстиков, «Азия авто» АҚ вице-президенті:
— Менің ойымша, Қытай нарығын бағындырғанымыз үлкен жетістік. Ондағы мүмкіндіктер орасан. Екінші жартыжылдықта Қытайға тағы 800 автокөлік жіберіледі. Жыл соңына дейін олардың санын 3,5 мыңға жеткізу көзделуде. Автокөліктер сапалы, жол талғамайды әрі арзан.

Дереккөз24.kz