Басты бет / Жаңалықтар /
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон.
Қасым-Жомарт Тоқаев және Эмомали Рахмон. Иллюстрация: Akorda.kz

Тоқаев Тәжікстан президентін 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтады

Президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылап, аймақтағы өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Екі ел үкіметтері арасындағы табысты өзара іс-әрекет, соның ішінде өзара тауар айналымының оң қарқыны туралы айтылды.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, бауырлас Тәжікстан халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram