Астанада «ASMAR – бірлік дәстүрлері» әйелдер кәсіпкерлігінің халықаралық конгресі өтті

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Конгресс делегаттарына құттықтау сөз жолдады. Ол бүгінде әйелдер елдегі жұмыс күшінің 50% — ын құрайтынын атап өтті. Әйелдер басқаратын заңды тұлғалардың саны өткен жылы 9% — дан асып, 2021 жылдың соңына қарай 625 100-ге жетті. Әйелдер кәсіпкерлігінің үлесі бүгінде елдің ЖІӨ-нің 40% — ға жуығын құрайды, — деді.

 «Әйелдер құқықтарын ілгерілету біздің үкімет үшін айқын басымдық болып қалуға тиіс. Биыл Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның гендерлік алшақтық жөніндегі есебінде 146 елдің арасында 65-орынды иеленді, бұл 2021 жылға қарағанда 15 позицияға жақсарған. «Экономикалық қатысу және мүмкіндіктер» бөлімінде елеулі прогреске қол жеткізілді, онда Қазақстан 47-ші орыннан 29-шы орынға көтерілді» делінген Әлихан Смайыловтың жолдау хатында.

Экономикалық сын-тегеуріндер өршіп тұрған жағдайда, әйелдер бастамаларын қолдау ауыл халқына анағұрлым терең, әмбебап және бағдарлы болуы тиіс, деп мәлімдеді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Лаззат Рамазанова.

«Өкінішке орай, шалғай ауылдардағы әйелдердің іскерлік әлеуетін қолдау өте жай жүргізілуде. Бұл көп жағдайда мемлекеттік органдар мен даму институттары тарапынан тиісті импульстің болмауына байланысты.  Несиелер әлі қол жетімсіз, гранттар лотерея сияқты – жеңіп алуы қиын. Қазір ауыл әйелдеріне өз кәсібін табуға, мүмкіндігінше қауымдасып жүргізілетін істерге қатысуға және табыс табуға көмектесетін шаралар кешенін әзірлеп, ұсыну қажет. Ауыл әйеліне өз ісін бастауға көмектесе отырып, біз оның отбасы мен балаларына көмектесеміз, жалпы адамдардың әл – ауқатын көтеруге көмектесеміз, бұл күрделі экономикалық жағдайда өте маңызды», — дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Лаззат Рамазанова.

Қауымдасып іске асырудың алғашқы қадамы әлдеқашан жасалған. Конгресте нарықтық тартымдылығы бар бірегей тауарлар жасау үшін ауыл әйелдерін біріктіруді көздеген «Бір ауыл – бір өнім» пилоттық жобасының қорытындылары таныстырылады.

Қазақстанда жоба пилоттық режимде төрт өңірде – Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай және Маңғыстау облыстарында жүзеге асырылуда. Мұнда бағыт ретінде қой мен түйе жүнінен, ешкі сүтінен ірімшік, құлмақ пен кондитерлік өнімдер өндірісі таңдалды. Жобаның ерекшелігі тек жергілікті шикізатты, қол еңбегін пайдалану, тауарлардың жоғары сапасы мен эксклюзивтілігіне бағдарлану болып табылады. БАБӨ барлық аймақтарда енгізіледі деп күтілуде, бұл ауылдардағы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге, әйелдер қауымын бизнеске тартуға және жаңа ұлттық брендтер құруға ықпал етеді.

Өткен жылдан бастап еліміздің әр аймағында ауыл әйелдерінің мүмкіндіктерін кеңейтуге және олардың тұрақты экономикалық өсуіне ықпал ету үшін әйелдер кәсіпкерлігін қолдау орталықтары ашылды. 7 мыңнан астам әйел кеңес алуға жүгінді, клиенттердің 30% – дан астамы-өз ісін бастауды жоспарлап отырған халықтың әлеуметтік осал санатынан.

Маңғыстау облысы бойынша «Атамекен» іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Сәуле Салихова өңірлік деңгейде әйелдерді қолдау үшін шешілуі қажет жүйелі мәселелерді көтерді. Әлеуметтік кәсіпкерлік туралы Заңның жетілмегендігі және соның салдарынан – жергілікті жерлерде әлеуметтік жобаларды дамыту үшін мемлекеттік қолдаудың болмауын атап айтты.

«Тағы бір мәселе – мемлекеттік сатып алуларда өту мүмкін еместігі. Әйелдер жеңіл өнеркәсіп, білім беру, қоғамдық тамақтандыру сияқты салаларда нормативтік актілерге өзгерістер енгізіп, әйелдер бизнесіне келісімшарттардың 10% – дан 25% – ға дейін бекітетін уақыт келді. Бұл бизнес әйелдер басшылығымен болуы керек, номиналды емес, нақты», — деп атап өтті Сәуле Салихова.

конгресСондай-ақ конгресс аясында өндірісте әйелдер мен ерлер үшін тең құқықтар мен мүмкіндіктерді сақтағаны үшін Қазақстандағы алғашқы сертификат табыс етілді. Оған «Казцинка» компаниясы ие болды. Кәсіпорында бірдей мансаптық өсу және жалақы қағидаттары сақталған, сондай-ақ әйел-аналар үшін әлеуметтік пакет енгізілген: икемді жұмыс кестесі, оқушылар аналары үшін кезектен тыс демалыс алу мүмкіндігі, қызметкерлердің балалары үшін балабақша мен спорт секцияларына арналған шығындарды өтеу және басқалар.

Іс шараға сондай-ақ ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков,  ҚР ҰКП Президиумы төрағасы Райымбек Баталов, халықаралық ұйымдар, даму институттарының өкілдері,  дипломатиялық миссияларының басшылары мен әйелдер бизнес-қоғамдастықтарының көшбасшылары қатысты.

Іс шараны ұйымдастырушылар: ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, «Атамекен» ҰКП қолдауымен «Атамекен» іскер әйелдер кеңесі, Тұрақты даму және әйелдер кәсіпкерлігін қолдау қоры.

Конгрестің басты серіктесі цифрлық төлем индустриясының әлемдік көшбасшысы — Visa компаниясы болды.