Енді жұмыссыздар да салық төлейді

Жарлық бойынша жұмыссыздар салықты бірден төлеуі керек. Бұған Белоруссия халқы  жаппай наразылық білдірді.

«Біз арамтамақ емеспіз!» деген ұранмен Минск, Могилев, Гомель, Брест, Витебск пен Гродно қалаларында митингке шыққан 2000-нан астам адам заңның күшін жоюды талап етіп отыр. Егер билік халық үніне құлақ аспаса жұрт 25 ақпан күні қайтып наразылық акциясын ұйымдастырмақ.

Лукашенко «Әлеуметтік тәуелділіктің алдын алу» деп аталатын президенттік декретке  осыдан 2 жыл бұрын қол қойған еді. Ресми деректер бойынша республикада  билік «арамтамақ» деп есептейтін 500 мыңға жуық адам бар екен.

Дереккөз31.kz