ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан туралы мақала жазды

Бұл туралы «Казахстанская правда» басылымы хабарлады.

Си Цзиньпин Қазақстанға төртінші рет келіп отырғанын және кейінгі сапары бес жыл бұрын болғанын атап өтті.

Сіздің еліңіз шексіз даласы, асқақ таулары және өзендері, өте қонақжай халқымен танымал. Алдағы сапардан үлкен үміт күтемін. Қытай мен Қазақстанды таулар мен өзендер байланыстырады, тату көрші, шынайы дос және сенімді серіктес. Достық байланыстардың мыңжылдық тарихын бөлісетін халықтарымыз Ұлы Жібек жолының тамаша дәуірінің куәгерлері, — деп жазды ол.

Биыл Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толып отыр.

Ортақ қауіпсіздігімізді қорғау маңызды. Қытай Қазақстанмен сыртқы араласу әрекеттеріне табанды түрде қарсы тұруға, аймақтағы тұрақты бейбітшілік пен ұзақ мерзімді тұрақтылықты бірлесіп қолдауға дайын. Біздің елдеріміз мемлекеттік егемендік, қауіпсіздік және аумақтық тұтастыққа қатысты негізгі мәселелер бойынша әрқашан бір-біріне берік қолдау көрсетеді, — деп жазды Си Цзиньпин.

Қытай Халық Республикасының басшысы елдер бір-біріне қолдау мен көмек көрсету қағидасынан ешқашан ауытқымағанын және тату көршілік қарым-қатынастарды дамытудың лайықты үлгісін көрсетіп келе жатқанын атап өтті. Ол қолайсыз эпидемиология жағдайына қарамастан, былтыр екіжақты тауар айналымы пандемияға дейінгі деңгейге оралып, 25 миллиард доллар болғанын айтты.

Сонымен қатар ол 21,2 миллиард доллардан асатын 52 бірлескен жобаның әзірленгенін атап өтті. Мысалы, 100 мегаваттық Жаңатас жел электр станциясы, JAC автомобиль құрастыру желісі, Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту. Ол Қазақстанда Қытайдың дәстүрлі медицина орталығы мен Лу Бан атындағы шеберхана ашылатынын хабарлады.

Си Цзиньпин Қытай мен Қазақстан арасындағы ортақ тағдыр қауымдастығына баса назар аудара отырып, алдағы 30 жылда екіжақты қарым-қатынастарды дамытудың жаңа парадигмасын қалыптастыру қажет екенін айтты.

Еске салайық, Си Цзиньпин Нұр-Сұлтанға 14 қыркүйекте келеді. Қазақстан мен Қытай басшылары жан-жақты қазақстандық-қытайлық стратегиялық әріптестікті нығайту перспективаларын талқылайды. Келіссөздер нәтижесінде бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.