Қазақстан Тайваньды Қытайдың ажырамас бөлігі деп санайды

Қазақстан Республикасы «Біртұтас Қытай» қағидатын қолдайды және Тайваньды Қытай Халық Республикасы аумағының ажырамас бөлігі деп санайды. Қазақстан халықаралық құқықтың қолданыстағы нормаларын және Біріккен ұлттар ұйымы жарғысын сақтауды, атап айтқанда осы мәселеде БҰҰ бас ассамблеясының 1971 жылғы №2758 қарарын ұстануды жақтайды, — деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Сонымен қатар ол шет елдердің ресми делегацияларының Тайваньға сапарлары ҚХР үкіметімен келісілуі тиіс деп санайтынын жеткізді.