Ақпаратты Шымкент қаласы әкімдігі ұсынды. Фотосурерттер авторы Мақсат Шағырбаев.

Таңертең далаға шыққаныңызда ауланың сыпырылып, таза тұратынын Сіз де байқайтын шығарсыз? Түнде көрген қоқыстар да жоқ. Көшеге шыққаныңызша қаланы айнадай еткен кім? Күні-түні қардан, қоқыстан тазартып, гүл мен талды суарып жүретін жандар туралы не білесіз? Олардың жұмысын жеңілдетіп, яки ауырлатуға ат салысып жүргендердің бірі емессіз бе? 

Лейла Нұсқалиева

Таңғы сағат 4.00-де ол өзіне таңғы асы мен түстігін даярлайды. Жексенбі күні демалыс. Егер далада қар жауса, демалысқа қарамастан жұмысқа шығады.

Лейла Нұсқалиева

Лейла Нұсқалиева

«Жылы киімдерді бізге жұмыстан береді. Бірақ қанша қымтанып, оранып алсақ та, суық», — дейді Лейла.

Лейла Нұсқалиева, аула сыпырушы

Автобус паркіне жету үшін ол күн сайын 1 км жол жүреді. Арнайы көлік сағат 5.30-да оны басқа қызметтестерімен бірге ауданның әр аймағына жеткізеді.

Аула сыпырушы, автобус

«Алғашында осы жұмыстан ұялып, «таныстарым көріп қалмасын» деп жасырынып жүретінмін. Кейіннен «еңбек етіп, адал нан тауып жүрмін ғой» деп бекіндім», — дейді Лейла.

Лейла Нұсқалиева, аула сыпырушы

Ол әр күн сайын 5 000 шаршы метр жерді тазалайды. «Жұмыс ауыр. Бірақ жеңіліне барсаң, нан жоқ», — дейді аула сыпырушы.


Лейла Нұсқалиева, аула сыпырушы

Лейла осы қызметте 10 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Лейла Нұсқалиева, аула сыпырушы

Оның айлық табысы — 54 мың теңге. «Тұрмысыма негізі жеткілікті ақша. Бірақ қызым студент болған соң, кейде қиындықтар туып жатады», — дейді ол.

Лейла Нұсқалиева, аула сыпырушы

Лейла Нұсқалиева, аула сыпырушы

«Небір адамдарды кездестіруге болады. Кейбір жас балалар көмектесіп жатады, ал кейбіреулері әдейі қоқыс тастайтындай көрінеді. Сонда да өмірде мейірімді, жақсы адамдар көп», — деп атап өтті ол.

Лейла Нұсқалиева, аула сыпырушы

Лейла Нұсқалиева, аула сыпырушы

«Түскі асты өзімізбен бірге ала келеміз. Бірақ қыста ол бәрібір суып қалады ғой. Күнделікті арнайы будкада тамақтанамыз. Кейде болады, тұрғын үйлердің жөртөлесінеде (подвал) түстенеміз», — деп қымсынып жымиды Лейла.

Лейла Нұсқалиева, аула сыпырушы

«Көбінің басында несиесі бар. Кейбірі — отбасынның жалғыз асыраушысы. Бірақ мұндай мәселелер біздің жадырап жүруімізге тосық болмайды. Бір-бірімізді күліп қарсы аламыз», — дейді Лейла.

көше тазалайтын машина

көше тазалайтын машина

«Кейбір көлік иелері машиналарын дәл адам жүретін, біз тазалау керек жерлерге қойып қояды. Бұл біздің жұмысымызға қатты кедергі келтіреді», — дейді ол.

Лейла Нұсқалиева, аула сыпырушы

«Мен өз мамандығыммен мақтанамын. Қаланы тазартып, нәтижесін көргенде, көзім қуанады. Қала таза болса, адамдардың да көңілі жай», — дейді Лейла.