Қазақстан қылмыс деңгейі бойынша рейтингіде 47-орында тұр

Рейтинг Numbeo порталының мәліметі бойынша дайындалған. Елдердің рейтингі кейінгі 36 айдың дерегі бойынша жылына екі рет жасалады. 

Қылмыс деңгейі қылмыс индексін бағалау негізінде есептеледі. 0-ден 19,99-ға дейінгі көрсеткіш өте төмен, 20-дан 39,99-ға дейін – төмен, 40-тан 59,99-ға дейін – орташа, 60-тан 79,99-ға дейін – жоғары қылмыс деңгейін білдіреді.

2022 жылдың бірінші жартысында 83,16 және 80,26 индексі бойынша Венесуэла мен Папуа-Жаңа Гвинея қылмыс деңгейі бойынша көш бастады. Одан кейін Ауғанстан (78,19 индексімен 3-орын), Оңтүстік Африка (75,37 индексімен 4-орын) және Гондурас (74,66 индексімен 5-орын) тұр.

Қазақстанның индексі 53,04 болды. Бұл қылмыстың орта деңгейін білдіреді.