Қостанай облысында қант таратудың қылмыстық схемасы ашылды

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әкімдік пен «Тобыл ӘКК» АҚ қызметкерлері қант тапшылығын пайдалана отырып, оны облыстың тұрақтандыру қорынан 420 тг/кг жеңілдік құны бойынша кезектен тыс және нормадан тыс кәсіпкерлерге берген.

Бұл үшін кәсіпкерлер әкімдік пен ӘКК қызметкерлеріне сыйақы ретінде 100-ден 500 кг-ға дейін қантты үлестірген.

Бұдан әрі, таңдалған кәсіпкерлер пайда көру мақсатында халыққа қантты 10%-тың орнына 100% үстеме бағамен сатқан.

Тұрақтандыру қорының қойма меңгерушісінің жеке гаражын тексеру барысында 900 килограм қант табылып, тәркіленді. Алынған қант тұрақтандыру қорына қайтарылды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Өңірлерде әлеуметтік маңызы бар проблемалар бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.