Junior Eurovision-2022. Қазақстан атынан Давид Чарлин қатысады

Үміткер Ақтөбеде өткен Baqytty Bala-2022 байқауы кезінде анықталды. Байқаудың финалында 21 қатысушы өнер көрсеткен.

Нәтижесінде Давид Чарлин Қазақстан атынан Junior Eurovision-2022 байқауында өнер көрсететін болды. «Хабар» телеарнасы оның байқауға дайындалуына және ән жазуына көмектеседі.

Айта кетейік, биылғы Junior Eurovision байқауы 2022 жылғы 11 желтоқсанда Армения астанасы Ереванда өтеді. Оған 16 ел қатысады деп жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта Қазақстанмен қоса, Грузиядан (Мариам Бигвава), Португалиядан (Николас Алвес) және Солтүстік Македониядан (Лара және Ирина) қатысатын конкурсанттар белгілі болды.

Еске салайық, былтырғы Парижде өткен Junior Eurovision-2021 ән байқауында Қазақстан атынан өнер көрсеткен Бекнұр Жәнібекұлы мен Әлинұр Хамзин 8-орынды иеленді.