Junior Eurovision-2021. Қазақстан әншілері 8-орын иеленді

Олар «Ертегі әлемі» (World of Fairytales) аталатын әнді орындады. Қазақстандықтар  121 ұпай (қазылар алқасы — 64 балл, көрермендер — 57 балл) жинады. Бекнұр мен Әлинұр ағайындыларды бейнеледі. Бірі екіншісіне бұл ертегі әлемі екенін және мұнда ешқандай кедергі жоқ екенін түсіндіреді.

Армениялық әнші Maléna «Qami, Qami» әнімен бірінші орын алды. Ол 224 ұпай жинады. Бұл — Арменияның «Балалар Евровидениесіндегі» екінші жеңісі.

Польша әншісі Сара Джеймс иеленді. Ол «Somebody» әнін орындап, 218 ұпай жинады. Ал үшін орынды Франция жеңіп алды. Франция атынан өнер көрсеткен Энцо «Tic Tac» аталатын әнді орындап, 187 ұпай жинады.

Еске салайық, 2021 жылғы 6 қарашада өткен ұлттық іріктеуде Бекнұр Жәнібекұлы мен Әлинұр Хамзин тең түсіп, кейін қазылар алқасы екі әншіні бір әнмен қатыстыру туралы шешім шығарды.

Айта кетейік, биыл балалардың халықаралық ән байқауы 19-рет өтті, жарысқа 19 ел қатысты.

Қазақстан Junior Eurovision байқауына төртінші рет қатысты. 2020 жылы Варшада өткен байқауда Қарақат Башанова 2-орынды иеленген еді. 2019 жылы Қазақстан атынан қатысқан Ержан Максим 2-орын, 2018 жылы Данэлия Төлешова 6-орын алды.