Алматыда екі көшенің қозғалыс сызбасына өзгерістер енгізіледі

Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Батыс бағытта Есенжанов көшесі бойымен Брусиловский көшесінен Тілендиев көшесіне дейін, ал шығыс бағытта Шәкәрім көшесі бойымен Тілендиев көшесінен Брусиловский көшесіне дейін бір бағытты көлік қозғалысы қарастырылған, – делінген хабарламада.

Бұл шаралар қала әкімінің Алмалы ауданының тұрғындарымен есеп беру кездесуінде аталған аудан тұрғындарының өтініштері негізінде, сонымен қатар көліктердің өткізу қабілетін арттыру және апатты жағдайларды азайту мақсатында қолға алынды.

58fda2a448fcf573f74d009db52acbe2 Алматыда екі көшенің қозғалыс сызбасына өзгерістер енгізіледі
Фото: Алматы әкімдігі

Жұмыстарды қалалық мобайл басқармасы уәкілетті орган Алматы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасымен бірлесе отырып жүргізеді.

Өзгерістердің енгізілуіне байланысты қозғалыс бағыттарын алдын ала белгілеуді және ҚР жол қозғалысы ережелерінің барлық талаптарын сақтауға кеңес береміз, – деп хабарлады әкімдік.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да