Ержан Сейтенов Алматыдағы Алмалы ауданының әкімі болды

Президент әкімшілігі мен қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Ержан Сейтенов Алмалы ауданының әкімі болып тағайындалды, — делінген хабарламада.

Ержан Сейтеновтің кандидатурасы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен өткен жетінші шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс V сессиясында мақұлданды.

Сейтенов Ержан Іргебайұлы 1974 жылы туған. Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде бакалавр, магистр дәрежесін алды.

Еңбек жолын 1990 жылы Жаңақорғандағы ЖМК-11-де жұмысшы болып бастаған. Осы жылдары ол квазимемлекеттік секторда, сонымен бірге Алматының коммуналдық   кәсіпорындарында басшы лауазымында болды. Алматының Жерді пайдалану  мен қорғау, Жасыл экономика басқармаларының басшысы қызметтерін атқарды.

Осы уақытқа дейін ол Алматының Тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы болды.