Қазақстан мобайл интернет жылдамдығы бойынша 6 саты көтерілді

Елдегі интернет жылдамдығы бір жылдың ішінде 22% артты. Speedtest Global Index сүйенсек, 2022 жылғы маусымда мобайл интернет жылдамдығының рейтингінде Қазақстан алты саты көтерілді. Яғни, бір айда мобайл интернеттің жылдамдығы 20,56 Мб/с-тан 22,53 Мб/с-қа дейін ұлғайды. Осылайша Қазақстан Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Беларусь елдерінен айтарлықтай алда тұр, -деп жазылған сараптамада.

Ал әлемде интернет жылдамдығы бойынша көшбасшы елдер — Норвегия, БАӘ, Болгария, Оңтүстік Корея және Катар.

Бұл ретте елімізде мобайл интернеттің жылдамдығы интернет-трафикті тұтынудың ұлғаюымен қатар өсіп келе жатқанын атап өткен жөн. Интернеттің дамуына ел аумағы айтарлықтай әсер етеді. Ол неғұрлым үлкен болса, кабельдік сымдарды жаңарту соғұрлым қымбатқа түседі. Тиісінше, Қазақстанда интернетке қосылу өте қымбат процедура. Одан бөлек интернет трафик те импорттық өнім болғандықтан баға қымбат болып тұр. Өйткен оны доллармен сатып алып отырмыз. Жалпы, 2021 жылы байланыс секторына 128,6 миллиард теңге инвестиция салынды,- делінген хабарламада.