Басты бет / Қоғам /
Көрнекі сурет
©gorlovka.today

Наурыз айында 12 күн демаламыз

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев 2017 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы ҚР Үкіметінің қаулысына қол қойған болатын. Онда демалыс күндері 2017 жылғы 18 наурыз сенбіден – 2017 жылғы 20 наурыз дүйсенбіге ауыстырылғаны жазылған.

Осыған орай, қазақстандықтар 19, 20, 21, 22, 23-і наурызда демалып, арасына 1 күн, яғни 24-ші наурызда жұмыс істейді де, 25, 26 наурыз сенбі, жексенбіге түскендіктен тағы екі күн демалады.

Сонда бір жұмыс күнін есептемегенде, қазақстандықтарды бір аптаға жуық демалыс күтіп тұр. Наурыз айындағы барлық демалыс күндерін қоса санағанда, бас-аяғы 12 күн демалыс.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok

Мақалаға пікір қосыңыз

2 Пікір

  1. М
    Мико 9 жыл бұрын
    Оте керемет шыгыпты тагыы кутеміз
  2. +
    +++++ 9 жыл бұрын
    Біз 20 наурыз күні сабақ оқимыз :(