Бақытжан Сағынтаев ҚР премьер-министрі болып тағайындалды

Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Республикасының премьер-министрі болып тағайындалды. Парламент мәжілісі депутаттары мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған Бақытжан Сағынтаевтың кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Бақытжан Сағынтаев әр жылдары өңірлік даму министрі, экономикалық даму және сауда министрі қызметтерінде болған. Павлодар облысының әкімі қызметін атқарды. 2014 жылдың 7 сәуірінен бастап ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалған еді.

Еске сала кетейiк, кеше министрлер кабинетіне жетекшілік еткен Кәрім Мәсімов ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. ҚР премьер-министрінің міндеттерін уақытша атқару Бақытжан Сағынтаевқа жүктелген болатын. Мемлекет басшысының Өкімімен ҚР ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Владимир Жұмақанов Қазақстан президентінің кеңесшісі қызметін атқаратын болды.