21-23 шілде күндері ауа райы қандай болады?

Cиноптиктердің мәліметінше, алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде солтүстік-батыс және оңтүстік циклон әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады.

22 шілдеде республиканың шығысында қатты жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай жарқылдап, жел күшейеді. Республиканың батыс аймақтарында аптап ыстық басылады, Қазақстанның солтүстігінде күндіз ауа температурасы +23+28 градус аралығында болады.

Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады. Тек таулы және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтіледі. Ауа температурасының төмендеуіне қарамастан, ол климаттық нормада сақталады, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да