Алматы мен Нұр-Сұлтан ең қымбат қалалар тізіміне енді

Рейтингке 2022 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы алынған. Бермуд астанасы — Гамильтон — 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында өмір сүру құны бойынша қалалар рейтингінде бірінші орынға шықты.

Ең қымбат қалалар тізімінде екінші орында — Базель (Швейцария), үшінші орында — Цюрих. Сонымен қатар ондыққа Цуг (Швейцария), Лозанна (Швейцария), Берн (Швейцария), Женева (Швейцария), Гонолулу (АҚШ), Санта-Барбара (АҚШ) және Нью-Йорк (АҚШ) кірген.

Тізімге Қазақстан қалалары ішінде Алматы мен Нұр-Сұлтан кірген. Олар 466 және 475 орындарды иеленді.